АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ! Ахаева Рапия Жаңбырбайқызы » "Мырзакент" ЖОМ МГ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№1 Мырзакент мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702)603-13-55
Администратор:
+7(778)351-42-87 +7(702)600-21-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ! Ахаева Рапия Жаңбырбайқызы
06
май
2025

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ! Ахаева Рапия Жаңбырбайқызы

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «№1 Мырзакент мектеп – гимназия» КММ-нің  директоры мен мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы атынан ардагер ұстазымыз Ахаева Рапия Жаңбырбайқызына  құрмет көрсетілді.

         Ахаева Рапия Жаңбырбайқызы – 2000-2018 жылдар аралығында мектебімізде математика пәні мұғалімінен бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтеріліп, білім беру саласында табанды еңбек етіп, білімнің шамшырағы, тәжірибенің қайнар көзі бола білді. Талай буынды тәрбиелеп, елге адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Әрбір шәкіртінің жетістігін өз баласындай қуанып, олардың өмірден өз орнын табуына себепкер болды.