Мектеп тарихы » "Мырзакент" ЖОМ МГ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№1 Мырзакент мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702)603-13-55
Администратор:
+7(778)351-42-87 +7(702)600-21-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2018

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы.


 
     Меткеп іргетасы 1953 жылы қаланған. Ол кезде мектеп Г.С. Титов атындағысегіз жылдық мектеп болып аталды. Мектептің алғашқы директоры Аманқұлов Ануар Ғазиевич деген азамат болды. 1968 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Ленник Генадий Николаевич атқарса, 1968-1970 оқу жылдарында Нафикова СаринаВалиевна басқарды.
1970 жылыдан бастап осы мектептің аяғынан тұруға өзінің адал да шынайы еңбегімен қызмет атқарған, ата-аналар мен мектеп ұжымының құрметіне бөленген ұлағатты ұстаз 35 жыл еңбегін шәкірт тәрбиелеуге арнаған, мектептің өсіп, дамуына бір адамдай үлес қосқан Пистун (Омельянович) Полина Николаевна болды. Мектеп алғашқы кезде ДСУ-17 конторында кейін бұрынғы интернат үйінде (1978 жылы жабылғанға дейін) орналасты.
    1986 жылы 1176 орындық мектептің іргетасы қаланды. Үздіксіз жүргізген жұмыстың нәтижесінде 1988 жылы оқы жылы қарсаңында жаңа мектептің ашылу салтанаты болды. Осы ашылу салтанатына мектеп әкімшілігі мен ұжымы космонавт Г.С. Титовты құрметпен шақырды. Осы күнге сәйкес келген кейбір жұмыстарға байланысты келе алмаған комонавт өзінің құттықтау телеграммасын жібереді. Онда мектеп ұжымына педагогикалық жетістіктер мен табыстар тілеп оқушыларға мектеп атына лайықты азаматтар болып білім мен еңбекте табысқа жетулеріне тілектестігін білдірді.
    Оқу тәрбие жұмысы барысында мектепте көптеген іс-шаралар өткізілді. Соның бірі маршал К. Жуковтың қызымен болған кездесуі еді. Оқушылар үшін патриоттық сезімге толы бұл кездесу оқушылар есінде ұзақ сақталды. Әкесінің «Воспоминания» атты кітабы мен өз үні жазылған пластикасын мектептке естелік ретінде осынды. Осы жылдар ішіндемектеп тарихына коптеген мәліметтер жинақталды.
1991 жылдан мектебімізде қазақ сыныптары ашылды. Қазақ сыныптарында білім және тәрбие беріп, жетекшілік еткен алғашқы ұстаздар: Төреқұлова Назым, Байзакова Алия, Көшікбаева Набат, апайлар болды.
Мектебіміз Г.С. Титова орта мектебінен 2000 жылы 1-қыркүйекте «Мырзакент» орта мектебі болып аталды.
Мектепте тарихи-өлкетану музейі ашылды. Оны мектеп өмірі, кент, аудан, облыс, Республика көлеміндегі еңбек ардагерлері мен еліміздің дамуына атсалысқан азаматтар туралы мәліметтер жинақталып, оқушылар білімін толықтыруға үлес қосты. Сонымен бірге көп ұлтты республикамыз халықтарының әдеп-ғұрыптары, салт-дәстүрлері туралы да көптеген қызықты деректерді табуға болады. Кейінгі кездегі талаптарға сәйкес мектеп жаңа техникалық талаптармен тотлықтырылған лингафонды кабинеттер, компьютерлер, интерактивті тақталар т.б. көптеген қазіргі оқу системасын жетілдіруге арналған жабдықтар жеткілікті.
    Өз тарихында мектеп өз өлкемізді көгалдандыру тазалық сақтау шараларына және мақта жинау науқанына белсене қатысып, үлкен беделге ие болды. Осы еңбектері бағаланып оқушыларға туристік путевкалар берілді. Оқушылар кезінде Москва, Севастополь, Горкий, Волгоград, Алма-ата, Ташкент, Самарқанд сияқты ірі қалаларға саяхатқа барып қайтқан.
Жыл сайын мектепте Отан соғысы ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізіліп тұрды.
Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үлкен іс-шаралар жүргізілді.
     Ғимараттың жалпы алаң  – 23979 м2. Ғимараттың жобалық қуаты-1176 оқушыға арналған. Оқу кабинеттерінің саны-55,  спорт залдың көлемі – 311,8м2, кітапхана 79,3м2, асхана-266,2 м2 , асхана-40 орындық, акт залы-199,2м2, спорт  алаңы-295 м2, мектепті жылыту – автономды.
Оқу тілі–қазақ-орыс тілінде. Бағыты -10-11 сыныптар үшін жаратылыстану-математикалық.
    «Мырзакент» орта мектебінің 2010 жылы 1-маусымнан «Мырзакент» жалпы орта мектебіне ауыстырылды.
Аудандағы мектептер арасында «Мырзакент» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі үлкен бедел мен абыройға ие болып отыр, мұның бәрі оңай орындала салатын жұмыс емес, ұстаздар қауымының ерен еңбегінелемеске болмайды.
   «Мырзакент» жалпы орта мектебін 2005 жылдан Жолдасов Алданияз Бастарұлы мектеп сенімін ақтап отыр.
Сол жылдары мекетп 2 ауысымда жұмыс істейді. 1-11 сыныптардың 40-ы қазақ сыныптар жиынтығы онда 859 оқушы, 18-і орыс сыныптары, онда 352 оқушы, барлығы 58 сынып жиынтығында 1211 оқушы білім алады.
    2015 жылдан бастап Жолдасов Алданияз мырзаның орнына Шағдаров Абдумалик Туляганович мектеп басқару ісіне орналастырылады. Абдумалик мырза осы мектепте өз қызметтік орнын адал әрі сенімге сай атқарып 2019 жылы басқа мектепке ауыстырылады.
    2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін мектеп басшылығын керемет дәрежеде басқарып келе жатқан Ниязбеков Асилбек Арыстанбекович. 
    Осылай талай жылдар бойындағы білім жүйесі, қазірде тіптен басқа жүйге жаңартылып, ұстаздар сол жүйемен шәкірттеріне тәрбие мен білімді сусындатып келеді.
   
«Алда талай асулар бар оған өз еңбегіміз күш-жігеріміз арқылы жетеміз» дейді ұстаздар қауымы.