Ата-аналарға арналған кеңес » "Мырзакент" ЖОМ МГ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№1 Мырзакент мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702)603-13-55
Администратор:
+7(778)351-42-87 +7(702)600-21-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарға арналған кеңес
14
май
2016

Ата-аналарға арналған кеңес

Жанұя өмір сүру кеңістігі ретінде баланың физиологиялық қажеттілігін, қауіпсіздік және қорғаныс қажеттілігін, құрмет және өзінің маңыздылығы қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

       Жанұя жеке тұлғаның дамуындағы алғашқы қоршаған орта құрайды. Ол балада әлеуметтік байланыстар туралы түсініктерді қалыптастырады. Баланы негізгі жалпы мінез-құлықтың адамзаттық, әдептілік және мәдениеттілік       стандарттарын түсінуге жұмылдырады.

       5-6 жасар бала өз өмірінде ең маңызды кезеңді басынан кешіреді. Себебі осы уақытта ол алғаш рет мектеп қабырғасына барады және жан-жақты мектепте оқуға дайындалады. Осы жаста бала өмірдің ақ-қарасын, жақсы мен жаманын саналы ажырата бастайды. Сол себептенде, осы жастан бастап-ақ баланың бойында алғашқы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүргізу аса маңызды. Бұл жұмыс баланың кіші отаны, ең алғашқы даму ортасы отбасында басталуы керек. Бұл жұмыс ең алдымен ата-ананың балаға деген қарапайым қарым-қатынасынан бастау алады. Ата-ана өз баласына болашақ ересек адам ретінде, жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіндік ойын сыйлап, қажетсінуімен санасуы керек. Ата-ана әр уақытта баланың айтқан ойы олар үшін қаншалықты маңызды екенін балаға сезіндірулері керек. Бұл бала бойында батылдықты және өзіне деген сенімді тудырады. Баланың адамгершілік қасиеттері күнделікті ата-анасымен, бауырларымен, атасымен, әжесімен жасаған өзара қарым-қатынастарынан-ақ көрініп жатады. Ата-аналар өз отбасында балаға бар мейірімдерін төгіп, сүйіспеншіліктерін көрсетіп, жылы сөздерін жиі қайталап жатса, осындай жағдайда тәрбиеленіп жатқан баланың рухани тұлғасы биік адам болып шығары анық.

       5-6 жасар балаларды адамгершілікке мақсатты түрде тәрбиелейтін болсақ, олар өздерін барлық ортада адамгершілік нормаларға сәйкес ұстай алатын, өзін көрсете алатын, өзін қоршаған құрбылары және өзге де ересек адамдармен жақсы да достық қарым-қатынас құра алатын тұлға ретінде көрсете алады. Бұл олардың мектептің 1 сыныбында берілетін білімді жақсы игеруіне, жаңа ортаға тез бейімделуіне үлкен көмек көрсетеді.