Тест «Біз қандай ата-анамыз ?» » "Мырзакент" ЖОМ МГ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№1 Мырзакент мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702)603-13-55
Администратор:
+7(778)351-42-87 +7(702)600-21-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тест «Біз қандай ата-анамыз ?»
14
май
2016

Тест «Біз қандай ата-анамыз ?»

1.     Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба ? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба ?

2.     Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екенін ойланып көрдіңіз бе ?

3.     Балалар тәрбиесінде жаныңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба ?

4.     Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз ?

5.     Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба ?

6.     Жүйелілік, реттілік – педагогикалық маңызды принциптердің бірі деп санайсыз ба ?

7.     Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе ?

8.     Спорт пен физкультураның баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба ?

9.     Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе ?

10. "Менің уақытым жоқ” немесе "Тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан "құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма ?

Иә - 2 ұпай

Кей кезде –1 ұпай

Жоқ – 0

6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз – бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді, "Ештен кеш сияқты” деген ғой. Сіз бұл тестке көп иек арта бермей, жеткіншіктер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіруге асыққаныңыз абзал.

7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз – сіз бала тәрбиесінде, әрине, үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де, өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Әрине, бұл уақытты ұмыта тұруға тура келеді. Бұл күнгі демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатындығына күмән жоқ.

15 ұпайдан жоғары жинасаңыз – сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңізді орынды атқарып келесіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан да жақсарта түссеңіз құба-құп.