06
май
2025
Құрметті Сейдахметов Пердебай Адамбекович!
Құрметті Сейдахметов Пердебай Адамбекович!
Ұзақ жылдар бойы білім ордасының шаруашылық жұмыстарына жанашырлықпен қарап, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жолында атқарған еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздің ұқыптылығыңыз, тазалығыңыз, жауапкершілігіңіз және тынымсыз еңбегіңіздің арқасында оқу ортамыз жайлы, қауіпсіз әрі тиімді болып қалыптасты. Сіз еккен талдардың саясында оқушыларымыз білім алып, таза ауамен тыныстауда. Ұжымның игілігі үшін жасаған қызметіңіз көпке үлгі.
Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт және еңбекте табыс тілеймін. Алдағы уақытта да еңбегіңіздің жемісін көріп, абырой биігінен көріне беріңіз!
